Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Әйел жамағаты Мәуліт мерекесін ұлықтады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 16.11.2020 3069 0 пікір
Маңғыстау: Әйел жамағаты Мәуліт мерекесін ұлықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақтысы-әз Мұхаммед» тақырыбында рухани семинар өтті. Мәуліт мерекесіне арналған игі шараға жамағат өкілдері мен шәкірттер қатысты.

«Семинарда сүйікті пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны, оның сүннет амалдарын ұстанудың маңыздылығы, асыл дініміздегі құндылықтардың дәстүрмен байланысы турасында уағыз-насихат айтылды. Шәкірттер сүннет амалдар турасында викториналық сұрақтарға жарыса жауап берді. Әйел жамағаты семинарға белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытты», – деді әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақмарал Қазиева.

Кеш барысында белсенділік танытқан шәкірттер шағын сыйлықтарға ие болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру