Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шымкент медресе» колледжінің ұстаздары марапатталды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 16.11.2020 3061 0 пікір
«Шымкент медресе» колледжінің ұстаздары марапатталды

Жуырда «Uly dala ustazy» халықаралық ғылыми-педогогикалық журналының дамуына қосқан үлесі үшін Шымкент қаласында орналасқан ҚМДБ қарасты «Шымкент медресе» колледжінің ұстаздарына «Үздік автор - 2020» сертификат табыс етілді.

Дәлірек айтқанда, белгілі ұстаз-дінтанушы «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат Әсембай «Үздік мақала» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломына ие болса, осы оқу ордасының оқу ісі жөніндегі орынбасары –дінтанушы Анарқұл Сырманов пен ұстаз Гүлсім Мырзахметова «Үздік әссе» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға арнайы сертификаттарын «Uly dala ustazy» халықаралық ғылыми-педогогикалық журналының басшылығы А.Қозиева мен Н.Қуандықов табыс етті.

Айта кету керек, соңғы уақттарда аталмыш оқу ордасының ұстаздары мен шәкірттері түрлі деңгейдегі жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп, мерейлері үстем болуда. Мұндай жетістіктер мен марапаттар шәкірттердің ынтасын оятып, жігерлендірері сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру