ҚМДБ-ның 30 жылдық мерей тойына орай «30 игі шара» жобасы аясында Мәуліт айының құрметіне Алматы облысында Іле ауданында 30 зағип жанға арнайы қайырымдылық іс шарасы өтті.
Іле ауданының бас имамы Дархан Тәңірберген және мешіт қызметкерлері зағиптарға құрмет көрсетіп, қайырымдылық көмек жасады. Аудан имамы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мәуліт айымен құттықтау сәлемін жеткізіп, «Пайғамбарымыздың жомарттық сипаты» атты уағыз насихатын айтып, мәуліт шәриф оқылды.
Жиын соңында мәуліт мерекесіне дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылып, ұлағатты сауабы мол басқосу зағип жандардың ақ батасымен аяқталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
16.11.2020
2561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру