Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Кемерши ауылдық «Ермағанбет ишан» мешіті қайта жөнделіп, пайдалануға берілді.
ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай күрделі жөндеуден өткен мешіттің ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қатысты. Ауылдық мешіттің имамы Фархат Ешимов мешіт ауласына киіз үй тігіп, Алла үйінің қайта ашылуына орай ауыл ақсақалдары мен жамағатқа дастархан жайды.
Іс-шара барысында наиб имам Нұрбол Берікболұлы мешіттің күрделі жөндеу ісіне қаржылай көмек көрсеткен Ермағанбет ишанның ұрпағы Көбеген Мұқыпұлына, жөндеу жұмыстарында күш-қайратын жұмсап ерекше еңбегімен көзге түскен Айбек Оразғалиұлы мен Батырбек Серікбекұлына Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспанның атынан алғыс хат табыстап, рахметін айтты.
Сонымен қатар, ауыл жамағаты 6-7 айға жалғасқан күрделі жөндеу жұмыстарының басы-қасында жүріп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген ауыл имамы Фархат Ешимовке ерекше алғыстарын білдіріп, мешітке сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде ауыл имамы да жөндеу жұмыстарында ертелі-кеш қасынан табылған азаматтарға сыйлықтар тарту етті.
Дастархан соңында ауыл ақсақалдары баталарын беріп, мешіт жамағатының ауызбіршілігін тіледі.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
15.11.2020
3105
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру