Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» телеарнасының имандылық хабарында қалалық мешіттің наиб имамы Мұхамеджан Естеміровтің «Абай өсиеттері» кітабы көрермен қауымға таныстырылды.
«Абай өсиеттері» кітабы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жарық көрді. Кітап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу-әдiстемелiк кеңесiнде талқыланып, оң қорытынды беріліп, баспаға ұсынылды.
Сондай-ақ кітапқа Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Оқу және оқу әдістемелік істер жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Исабектің, университеттің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты А.Алтыбайұлы пікір білдірген.
Арнайы хабарға қатысқан кітап авторы Мұхамеджан Естеміров Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
14.11.2020
3065
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру