Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мәуліт құрметіне жасалған қайырымдылық (Видео)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 13.11.2020 3163 0 пікір
Атырау: Мәуліт құрметіне жасалған қайырымдылық (Видео)

Атырау қаласының «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті. Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен қайырымдылық акциясы кезінде атыраулық 30 отбасыға азық-түлік таратылды.

Жалпы салмағы 600 келі болатын азық-түлік пакетін мұқтаж отбасыларға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып табыстады.

«Пайғамбарымызды шынайы түрде тани білсеңіз, екі дүниенің бақытына жетесіз. Сізді көрген адам тамсанып тұрады. Себебі, сіздің отбасындағы, туыстарыңызбен арадағы, қоғамдағы амал, әрекеттеріңіз өзгеге үлгі болады.

Ендеше, осынау қасиетті айда Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға асығайық. Алла Тағала салауат айтушының дәрежесін көтеріп қояды» деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру