Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Мерей ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен жаяу жүргіншілер көпірінің ашылу салтанаты өтті.
Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, облыс бойынша имамдардың кураторы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев, Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов, Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Айдын Ибрашев және ауыл тұрғындары қатысты.
Осындай сауапты істердің жүзеге асуына ауыл имамы мен кәсіпкерлерлердің атсалысқандығын атап өткеніміз жөн. Шара барысында сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтса, аудан имамы Айдын Ибрашев игі шараға қаржылай көмек көрсеткен қайырымды кәсіпкер азаматтарға алғысын жеткізіп, барша жиналған қауымды атаулы күнмен құттықтады.
Игі шарадан кейін бас имам Мұратбек Қыстаубаев аудан мешіті мен Мерей ауылдық мешіттерін аралап, атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
13.11.2020
3185
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру