ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен жуырда ғана ашылған «Тәубе» мешітінде Мәуліт шарасы өтті.
Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айдың құрметіне өткен рухани кеш «TAGLYMKZ» YouTube-арнасынан және өкілдіктің Instagram, Фэйсбук және ВКонтакте желілеріндегі @taglymkz ресми парақшасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.
Алла елшісіне салауаттар айтылып, Құран Кәрім сүрелері оқылды. Рухани шара соңында еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды.
Еске сала кетелік, еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан дәстүрлі Мәулітке байланысты іс-шараларды онлайн режимде өткізу туралы тапсырма берілген болатын.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
13.11.2020
2946
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру