ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласының Сайрам тұрғынүй алабында орналасқан жаңа құдық пен екі көпірдің ашылу шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуов, «Ибраһим ата» мешітінің имамы Жамшид Халмұратов және қалалық «Зекет» қорының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Құдықтың тереңдігі – 100 метр. Бұл аумақта су бар болғанымен судың қысымы өте төмен болатын. Енді бұл құдықтан су ішуге және бақша суаруға болады. Сауапты шараны «Ибраһим ата» мешітінің имамы Жамшид Халмұратов ұйымдастырса, зейнеткер Тұрсынхан Халмұратұлы ақсақал құдық қазу жұмысына демеушілік жасады. Құдық жұмысына бір миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Бұдан бөлек Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың әкесінің мазарына баратын Ибраһим ата көшесінің бойынан көлемі 2х4 шаршы метрді құрайтын шағын екі көпір ел игіліне берілді. Көпір жұмыстарына 400 мың теңге жұмсалды. Бұл қос көпір мектеп оқушылары мен мешітке және баба кесенесіне зират етушілердің қауіпсіздігі үшін маңызы зор болмақ.
Қос игі шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ыстық лебізін білдіріп, қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
12.11.2020
3073
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру