Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Көкжайық мешіті жөнделді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.11.2020 2859 0 пікір
Өскемен: Көкжайық мешіті жөнделді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ел көлемінде жөндеуді қажет ететін мешіттерге күрделі жөндеу жасауды тапсырған болатын. Осыған орай Өскемен өңірінде бірқатар мешіттер қайта жөнделіп жатыр.

Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Көкжайық ауылдық мешітіне жөндеу жасалды. Мешіттің еденіне жылу төселіп, ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

«Ауыл мешітіне жөндеу жұмыстары жасалды. Әсіресе мешіт қыста салқын болып келген. Осы жолы жылы еден төселіп, бұл мәселе де шешімін тапты. Енді халыққа өте қолайлы болады» деді жөндеу жұмысы жайлы Көкжайық ауылдық мешітінің бас имамы С.Ахметжанов. Ол сонымен қатар мешіттің жөндеу жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Жөндеу жұмысына мешіт қызметкерлері мен белсенді азаматтар қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру