Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының бас имамы Асемхан Ерғазин «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.
Бас имам рухани білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, оқу ғимараты мен жатақханасын аралады. Сондай-ақ медресе қабырғасында діни білім алып жатқан үздік 11 шәкіртке шәкіртақы табыстады. Одан бөлек Қандыағаш жамағаты атынан Мәуліт айының құрметіне ақ дастарқан жайып, құрмет көрсетті. Медресе директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Мұғалжар ауданының жамағатына алғыс айтып, кәсібіне береке тіледі.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
12.11.2020
2936
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру