Мәуліт айының құрметіне орай ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі жариялаған «Мәуліт – ізгілік айы» акциясының аясында Өскемен қалалық «Защита» мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында Өскемен қаласында тұратын тұрмысы төмен 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Бұл жөнініде осы мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы: «Мәуліт айының берекетін және ізгілігін насихаттау мақсатында осы қайырымдылық шарасын жасап отырмыз. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аса қайырымды болған. Қайырымдылықпен мейірімділік асыл дініміз Исламның негізгі өзегі саналады. Сондықтан Мәуліт айында осы бағытқа барынша мән беріп отырмыз» деп айырықша атап өтті.
Ол сонымен қатар карантин шектеулер енгізілген қазіргі уақытта қайырымдылық жасаудың маңызына тоқталып, карантин талаптары сақталатындығын айтты.
Азық-түлік отбасыларға жеткізіліп берілді. Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар үнемі осындай игі істің басында жүретін «Защита» мешітіне зор алғысын білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
11.11.2020
2858
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру