Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мәртөк ауданына бас имам тағайындалды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 11.11.2020 2993 0 пікір
Ақтөбе: Мәртөк ауданына бас имам тағайындалды

Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық мешітіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңадан бас имам тағайындалды.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа бас имам Зарлық Ералинді жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Ол биыл Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «исламтану» мамандығын бойынша бакалаврын тәмәмдаған.

Бұған дейін 7 жыл қатарынан бас имам қызметін абыроймен атқарған Берік Мұқановқа облыстың бас имамы Төлеби қажы Оспанның және аудан әкімі Ермек Кенжеханұлының атынан алғыс хат табысталды. Аудан ақсақалдары имамның иығына шапан жауып, қаржылай сыйлық табыстап құрметпен шығарып салды.

Сондай-ақ Алмат Әли аудандық мешіттің қысқы мезгілге дайындығын тексеріп, жаңа имамға әдістемелік бағытта жөн көрсетті. Артынша жергілікті аз қамтылған көпбалалы 10 отбасыға «Көшпелі керуен» акциясы аясында 200 келі азық-түлікпен қайырымдылық көмек жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру