Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау: Әйелдерге арналған семинар

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 10.11.2020 2735 0 пікір
Теміртау: Әйелдерге арналған семинар

Теміртау орталық мешіті және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әйел – отбасының берекесі» атты семинар-тренинг өтті.

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы семинардың ашылу сәтінде сөз сөйлеп, іс-шараның маңызы жайлы баяндады.
Сондай-ақ облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, Жастар ісі секторының жауапты өкілі Нұржігіт Мұсабеков, Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ершатқызы қатысты.

Семинарда қоғамның ұйытқысы болған отбасы құндылықтарын насихатталып, отбасы жарасымы, халқымыздың жас отбасыларға берген тәрбиесі, әйелдің отбасындағы орны мен маңызы жайлы айтылды. Семинар қатысушылары тарапынан қойылған отбасы мәселелеріне байланысты сұрақтарға тұшымды жауап берілді.

Жиын соңында меймандарға берекелі дастарқан жайылып, уағыз-насихат айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру