Жамбыл облысының рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітінде аудан имамдары өңірдегі діни ахуалды талқылады.
Жиынды Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жүргізді. Шарада мешіттің наиб имамдары Ғалымбек Жапек, Нұралы Бақытұлы болды.
Дін мамандарын жинаған мәжілісте медреселерді шәкірттермен қамту, мешіттердің хал-ахуалын қадағалау, жылу, жарық, дәретхана, тазалық, ғимарат жайы және жалпы техникалық жағдайы сөз болды. Сонымен қатар имамдардың әлеуметтік жағдайы, жалақы мәселесі, дін мамандарының тұрмысы қозғалды.
Жиында имамдардың білім деңгейі мен білім алу жолы да талқыланды. Бас имам жасалып жатқан жұмыстарға қатысты көрсеткішті ортаға салып, бірқатар тапсырмалар мен ескертулер берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
asyldin.kz
10.11.2020
2624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру