Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Zam-zam» аспаздық дүкеніне халал сертификаты табысталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 10.11.2020 2898 0 пікір
Маңғыстау: «Zam-zam» аспаздық дүкеніне халал сертификаты табысталды

Ақтау қаласының тұрғындарына өзінің кондитерлік өнімдерімен танымал «Zam-zam» аспаздық дүкені «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.

ҚМДБ – ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы кондитерлік дүкен басшылығына халал сертификатын табыстап, халал өнім өндіруге ниеттенгені үшін алғыс білдіре отырып:

«Халал сертификатына ие болу – шариғаттың жоғары талаптарын сақтай отырып, өндірістеріңізді жетілдіргендеріңізді білдіреді. Сіз тек қаламыздың тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар біздің облысымыздың тұрғындары мен қонақтары үшін де игі іс жасайсыз. Алла осы бағыттағы қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», – деген тілегін жеткізді.

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Айтқожаев Мәжит алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайды.

Айта кетейік, осыған дейін өңірдегі «Тұман-Шах» құс фабрикасы, «Asia milk» сүт өнімдері, «Стамбул ет» дүкені, «Yufka» жартылай фабрикаттары, «Coffee River», «Plov me», «Morocco» сынды тамақтану орындарына халал сертификаты табысталған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру