Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Мешіт Мәуліт сыйын таратты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 10.11.2020 2612 0 пікір
ШҚО: Мешіт Мәуліт сыйын таратты

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Мәуліт – ізгілік айы» акциясын жариялаған болатын.

Акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық «Ақтас» мешіті «Мәуліт сыйы» атты қайырымдылық шарасын жасады. Глубокое кентінде тұратын тұрмысы төмен 20 отбасыға азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Қайырымдылық шарасында карантин талаптары сақталды.

«Мұқтаж отбасыларыға Мәуліт айында азық-түлік таратып,  қайырымдылық жасап отырмыз. Қасиетті айдың берекетін қайырымдылық жасау арқылы насихаттаудың маңызы ерекше. Шара алдағы уақытта да жалғасады» деп атап өтті «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбет.

Сондай-ақ бас имам сауапты істің маңызы туралы айтып өтті. Қайырымдылық шарасына қатысып, олжалы болған отбасылар аудан мешітінің қолдауына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру