ҚМДБ Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет» қорының бастамасымен «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, жалпы саны 1000 отбасыға бір қап (50 кг) ұн үлестірілді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікермұлы, қалалық «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев және мешіт жанындағы ерікті топ мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы мұқтаж жандарды сабырға шақырып, осы шараға өзінің зекетін аударып, қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарға ризалығын білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
09.11.2020
3258
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру