Мәулі тайының құрметіне Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Мұса баба» мешіті іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында Қасым Қайсенов кентінде тұратын тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімі бойынша азық-түлік үлестірілді. Бұл игі іске 20 отбасы қамтылды.
Қайырымдылық шарасы туралы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы:
«Біз Мәуліт мерекесін жоғарғы деңгейде өткізіп жатырмыз. Мерекенің басты маңызын қайырымдылыққа бағыттай отырып, мұқтаж отбасыларға қолдау жасап отырмыз. Тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беру, дінімізде аса сауапты амалдардың бірі» дей келе, карантин талаптарын сақтай отырып, Мәулітке арналған шаралар жүйелі жалғасатындығын айтып өтті.
Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар «Мұса баба» мешітіне ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетелік, ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай «Мәуліт – мейірім айы» атты айлығын жариялаған болатын.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
09.11.2020
2763
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру