Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Иманғали» мешітінде Мәуліт шарасы өтті.
Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан күннің құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада Алла елшісіне салауат айтылып, Құран Кәрім сүрелері оқылды.
Рухани шара соңында еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды.
Еске сала кетелік, еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан дәстүрлі Мәулітке байланысты іс-шараларды онлайн режимде өткізу туралы тапсырма берілген болатын.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
08.11.2020
2758
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру