Еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде онлайн режимде Мәуліт шарасы өтті.
Аталмыш рухани шара мешітіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі @mangystau_ortalyq_meshiti парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Екі дүние сардары, адамзаттың мырзасы болып табылатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айдың құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамдары Асқар Ахлиддин, Әлбетов Еркеғали, Мақсат Өмірбай және Маңғыстау облыстық орталық мешітінің азаншылары Әли Қазақ, Бегимов Өтеген Алла елшісіне салауат айтып, Құран Кәрім сүрелерін оқып, Жаратушы Алладан еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
07.11.2020
3177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру