Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Курс бітіріп, куәлік алды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.11.2020 3128 0 пікір
Шымкент: Курс бітіріп, куәлік алды

ҚМДБ жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институты 2001 жылдан бері еліміздің және шетел имамдарының білімі мен біліктілігін шыңдап келеді. Ислам институтында өткізілетін сабақтар ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Әлемге дүрбелең салған жағдайларға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей қолдауымен оқу онлайн негізінде жүргізіліп келеді. Ислам институтының директоры Серікбай қажы Сатыбалдыұлының жетекшілімен институт ұстаздары ҚМДБ дін қызметкерлеріне қашықтан оқу бағдарламасы арқылы сабақ беруде. Ислам институты қабырғасында екінші рет ұйымдастырылған бір айлық онлайн курсты 72 имам тәмамдады.

Аталған оқу орынының кезекті курсын онлайн тәмамдаған шымкенттік имамдарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов куәлігін табыс етті. Шымкент қалалық орталық мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Естеміров онлайн курсты үздік тәмамдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру