Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Ұзынкөлдегі «Қайырымдылық керуені»

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.11.2020 2650 0 пікір
Қостанай: Ұзынкөлдегі «Қайырымдылық керуені»

Қостанай облысындағы «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы ұйымдастыруымен және жеке кәсіпкер Сусырко Султыговтың демеушілігімен «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын тапты.

Акция аясында аудандағы Сатай, Троебрат, Киров, Ұзынкөл ауылдық округтарында тұратын күнкөрісі төмен 30 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері тартылды. Қайырымдылық қоржынына шай, қант, май, күріш, ұн, кәмпит, кондитерлік өнімдер мен жемістер салынған.

Әрқашан биік азаматтық қасиеттерімен дараланатын Ұзынкөлге танымал кәсіпкер Сусырко Магомедұлы: «Біз ауданның бас имамы Есенкелді қажыны ерекше құрметтейміз. Біраз жылдан бері қайырымдылық мақсатында жұмыс істеп келеміз. Осы жолы да «Қайырымдылық керуені» қолға алынғанын естіп, үлес қосуға тырыстым», – деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру