Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Бас имамның марапаты

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.11.2020 2820 0 пікір
Қарағанды: Бас имамның марапаты

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Увайс Джанаев облыстық «Әнет баба» мешітіне ат басын бұрып, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлын арнайы төсбелгімен марапаттады.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі 1995 жылы шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық құрамына Қазақстанның барлық аумағында тұратын шешендер мен ингуштардың ұлттық-мәдени бірлестіктері кірді.

Бірлестік аясында Қарағанды облысында этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту мақсатында көптеген іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылды. Бірлестіктің кей шараларына ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігі де атсалысып, тығыз қарым-қатынас орнатып келеді.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Увайс Джанаев өкілдік басшысына бірлесіп атқарған берекелі қызметі үшін алғыс айтып, құрмет көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру