Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылында жаңа медресенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді. Игі істің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкеұлы арнайы бақылау-басқару жұмыстары бойынша қызметтік іс-сапармен келіп, медресенің құрылысымен танысып, бағасын берді.
Бой көтеріп жатқан төрт қабатты ғимарат 1728 шаршы метрді құрайды. Жүз балаға арналған медреседе асханасы мен спортзалы да қарастырылған. Мұнда шәкірттер шариғат ілімдерімен қатар Құран жаттап, ағылшын және араб тілдерін меңгереді. Сондай-ақ, компьютер үйреніп, қазақтың би-шешендері мен жырауларының еңбектерін оқып, жаттайды.
«Ислам ғылымды үйреткен ұстазды да, оны үйренген шәкіртті де құрметтеп сыйлайды. Білім алу барлығымызға – парыз. Ендеше елімізде осындай игі құрылыстар көп болып, ілім жолында ізденіске түскен жастарымыздың саны көп болсын дейміз. Алла Тағала білімділердің санын көбейтсін, білім себебіменен елімізге тыншытық, тоқшылық, береке берсін! Ұрпақтарымыздан білімді, салихалы азиз перзенттер нәсіп етсін!» деді бас имам.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
06.11.2020
3649
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру