Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.11.2020 3141 0 пікір
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданына сапары барысында имамдарға арналған оқу курстарына арнайы қатысты.

Қазіргі уақытта Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйімен» Қордайдағы Қарилар орталығында қазақ тілін оқытатын тіл курстары жұмыс істейді. Айта кетейік Бас мүфти ақпан айындағы ауданға сапары кезінде осы істі баса тапсырған болатын. Қазіргі таңда аудандағы өзге ұлт өкілдерінен құралған имамдарға білікті ұстаздар сабақ беруде.

Курсқа қатысушылардың жалпы саны – 56 адам. Аталған орталықтарда тіл курстарынан бөлек елдегі татулық пен бірлікті нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, Діни алауыздықты болдыртпау және жат ағыммен күрес сондай-ақ ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық» құжатын насихаттау жұмыстары қатар жүруде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру