Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары онлайн семинарға қатысты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 06.11.2020 2995 0 пікір
Маңғыстау имамдары онлайн семинарға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Маңғыстау өңірінің имамдары үшін «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» тақырыбында теологиялық семинар ұйымдастырылды.

Дәріскерлер ретінде деструктивті діни ағымдармен жұмыс істеу мәселелері бойынша жетекші теологтар шақырылды.

Онлайн семинарды ҚМДБ-ның Маңғыстау аймағы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

ZOOM онлайн-платформасы арқылы Қазақстанның танымал теологтары, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев және аталмыш бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында имамдарға жат ағым идеологиясының қоғамға қаупі, жат ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу сияқты маңызды мәселелер туралы тұщымды ақпарат берілді. Деструктивті діни ағымдардың жолын қуушыларды оңалтумен айналысатын имамдар спикерлерге көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру