Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Мәуліт мәзірі тарту етілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.11.2020 2721 0 пікір
Түркістан: Мәуліт мәзірі тарту етілді

Карантин жағдайына байланысты биыл Мәулітті ойдағыдай мерекелеуге де шектеу қойылды.

Десе де Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз туған айда мәрт мұсылмандардың қолдауымен қайырымдылық шаралары өтті.

Атап айтқанда, Жетісай аудандық «Нұғыман» мешітінде Мәуліт мәзірі берілді. 60 отбасыға азық-түлік пен көкөніс, тұрмыстық заттар таратылды. Шараны орталық мешіттің Жастар ісі, Зекет бөлімдері бірлесіп ұйымдастырды.

Аудан имамы Жорабай Дулатбаев жетісайлықтарды Мәуліт мерекесімен құттықтап, жомарттық танытқан азаматтарға ризашылық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру