Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақтағы ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігін бақылау үшін Теміртау орталық мешітіне ат басын бұрды.
Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы облыс бас имамына мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығын бөлісті. ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 игі шара» аясында бірнеше мешітте жөндеу жұмыстары жүзеге асырылғанын айтты. Сондай-ақ мешіттің асханасы да күрделі жөндеуден өткенін жеткізді.
Теміртау мешітінде көптеген жобалар ұйымдастырылып, шаралар өтіп жатыр. Облыстың бас имамы осы бастама аясында өткізілген шараларға қатысып, мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстары мен дін қызметкерлерінің жұмыс барысын қадағалады. Сондай-ақ ғимараттың қысқы маусымға дайындығын пысықтап, тапсырмалардың уақытылы орындалуына тапсырды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
05.11.2020
2737
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру