Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан қаласыдағы КА 168/2 түзету мекемесінде болып, арнайы кездесу өткізді.
Мекеме кітапханасында өткен профилактикалық шараға 15 жазасын өтеуші қатысты. Басқосуда «Пенде өзгермейінше, Алла оны өзгертпейді» тақырыбы қозғалды. Сондай-ақ бас имам деструктивті діни ағымның қоғамдағы зардабы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тыңдаушылар дін қызметкерлерінің насихатын мұқият тыңдап, соңында сұрақ қойып, жауап алды. Алдағы уақытта түзету мекемесі басшылығының ұсынысымен мешіт имамдары онлайн сабақтар өткізу жоспарлап отыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
05.11.2020
2693
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру