Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Әнет баба» мешітінде Мәуліт оқылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 03.11.2020 3462 0 пікір
Қарағанды: «Әнет баба» мешітінде Мәуліт оқылды

Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінде Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қатысуымен рухани Мәуліт кеші өтті.

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген күнінің құрметіне өткен рухани кеште облыс имамы Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдап, ел тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Бұдан кейін «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Дархан Кәрсембай және ұстаз Нұрбол Әділмұрат Мәуліт оқып, облыстық мешіттің наиб имамдары Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдады. Құран оқылып, бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Айта кетейік, қазіргі әлемдік пандемия жағдайына байланысты  игі дәстүрге айналған Мәуліт кешін ҚМДБ тарапынан онлайн режимде өткізу тапсырылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру