Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылған игі шараның бірі Алматы облысының Талғар ауданында өтті.
Ауданға қарасты дін қызметінде жүрген имамдар мен ұстаздарға бір айға жететін азық-түлік үлестірілді. Ел руханиятының дамуына өз үлесін қосып жүрген мешіт қызметкерлері дән риза болып, ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыс білдірді.
Осы берекелі айда барынша сауапты істерге ден қойып, құлшылық жасап, Алланың разылығын алуға асығайық. Әсіресе Хақ елшісіне көбірек салауат жолдауды ұмытпайық. Алла Тағала баршамызды қауіпті індеттен сақтап, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға бақ-береке нәсіп еткей. Әмин!



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.11.2020
3328
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру