Қостанай облыстық мешітінде Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне Мәуліт шарасы өтті.
Пандемия жағдайына байланысты рухани шара халыққа ыңғайлы уақытта онлайн форматта @Mechet_kostanay Instagram желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы сөз алып, Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы өнегелі өсиеттерді мысалға келтіре отырып, тағылымы мол салауат айтуға шақырды. Ал наиб имамдар Дархан Манарбекұлы, Әлішер Ертайұлы, Тұрым Ақанұлы және шәкірт Дінмұхаммед Бектұрсынұлы Мәуліт қасидасы мен салауат шарифін оқыды. Қасиетті Құран аяттарының батасын белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы берді.
Есте қаларлық шараны Рудный қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жүргізіп, Мәуліт мерекесінің ғибраттық жағы ерекше екеніне тоқталды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
03.11.2020
2987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру