Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Халал сертификатына ие болды

Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.11.2020 2831 0 пікір
Павлодар: Халал сертификатына ие болды

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов «Дюсембаев.М.Ж» ЖК шұжық өндірісі цехына халал сертификатын табыс етті.

«Дюсембаев.М.Ж» ЖК шұжық өндірісі ҚМДБ «Халал Даму» шарты бойынша мал бауыздау, ет өңдеу және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай өнім өндіретіндіктен осы сертификатқа ие болды.

«Халал серти­фикаты – барша мұсылман қауы­мы­ның сенімін арқалайтын құ­жат. Сондықтан «Халал Даму» ЖШС тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерді тексеру кезінде кәсіпорынның қызметі, тағам өнімдерінің құрамы халал талап­тарына сай болуына, құжаттары­ның дұрыстығына, үнемі қада­ғаланып, тексеріліп отыруына аса мән беріледі. Дастарқанға қойылар астың адалдығы деннің саулығына ғана берілетін кепілдік емес, бұл қонақтарға көрсетілер құрмет» – деді Жолдас Бертымұратов.

Алла Тағаланың: «Сендерге Алла өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген сөзін берік ұстанатын бүгінгі күннің кәсіпкерлері халалдың қоғам үшін қаншалықты пайдасы барын дәлелдеуде.  Себебі жұрт жаппай халал тағамға көшкен сайын жүректе иман орнығып, санада сілкініс пайда болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру