Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Оттегі концентраторы табысталды

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.11.2020 2803 0 пікір
Ақтөбе: Оттегі концентраторы табысталды

Пандемия кезінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясын іске қосты. Мешіттердің ұйытқы болуымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауруханаларға оттегі концентраторы тегін таратылған болатын.

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен Байғанин ауданының ауруханасына 3 дана және Темір ауданы Кенкияқ ауылдық ауруханасына 1 дана оттегі концентраторы берілді. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан аудандардан келген жауапты өкілдерге аппараттарды өз қолымен табыстады. Көмек алған азаматтар мешіт имамдарына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Нұр Ғасыр» мешіті жергілікті ауруханаларға 34 пулсьсоксиметр таратқан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру