ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі бас имамы Болатбек Абуов «Qyzylorda» облыстық телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді.
Бағдарламаның кезекті санына арнайы шақырылған бас имам Мәуліт мерекесінің қадір-қасиетіне тоқталып, «30 игі шарасы» жобасымен және осы жылдың екінші қарашасынан бастап мешіттерде атқарылатын іс-шаралармен таныстырды.
ҚМДБ тарапынан бекітілген шараларға сәйкес, мешітке келуші жамағат міндетті түрде бетперде тағып кіруі, парыз, сүннет және жекелеген намаздарын оқу арақашықтығы 2 метр болуы, жамағаттың ұзақ уақыт мешітте болмауы, мүмкіндігінше дәретті үйден алып келуі, бір-бірімен қол алыспауы, дене қызуы 37-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі сынды талаптарды сақтау қажеттігін және де жасы 65-тен асқан қариялардың, мектеп жасындағы балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені абзал екенін баяндады. Сонымен қатар бес уақыт намазды жамағатпен оқуға рұқсат берілгенімен, жұма намаздарының оқылмауына қатысты қойылған уақытша шектеу шаралары жалғасатынын ескертті.
Сұхбат соңында Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ 30 жылдық мерейтойы аясында облыс көлемінде жүзеге асырылған берекелі жұмыстардың нәтижелерімен бөлісіп, өзге де сауалдарға жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
02.11.2020
3068
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру