Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: «Қайырымдылық керуені» Жітіғарада жалғасты

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 02.11.2020 2994 0 пікір
Қостанай: «Қайырымдылық керуені» Жітіғарада жалғасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен өтіп жатқан «Қайрымдылық керуені» шарасы Қостанай облысының аудан-ауылдарында жалғасын табуда.

Аталмыш игі іс бұл жолы Жітіғара ауданында жалғасты. Ол Адамзаттың асылы Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған, яғни Мәуліт айы қарсаңында ұйымдастырылды.

Қайырымды һәм сауапты істерді жандандыруды қолға алған шараға ауданның белді кәсіпкерлері Данияр Балапанов пен Чингиз Әуезов қаржылай көмек берді. Отыз бес отбасыға азық-түлік таратылса, соның ішінде жүріп тұруы қиын кісілерге азық-түлік үйлеріне дейін жеткізілді.

Аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин осы шараның өтуіне атсалысқандарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру