Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 18 тонна көмір таратылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 02.11.2020 3134 0 пікір
Түркістан: 18 тонна көмір таратылды

Түркістан қаласы имамдарының ұйымдастыруымен маусымдық қайырымдылық шарасы өтті.

Дін қызметкерлері жылдағы жоспардан жаңылмай, тұрмысы өте төмен отбасыларды қыстық отынмен қамтамасыз етуге кірісті. Қала табиғи газбен түгел қамтылмағандықтан, көмірге зәрулік бар.

Биыл қатты отынның тоннасы 17000-18 000 теңгеге бағаланып отыр. «Асыл мұра» қоғамдық қорының көмегімен 360 мың теңгеге 18 тонна сатып алынды. 50 мұқтаж отбасыға 10 қаптан таратылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру