«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен имамдар жиыны өтті.
Бас имам жиында ҚМДБ тапсырмаларына 2 қарашадан бастап мешіттерде атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, тиісті деңгейде дайындық жұмыстары жүргізілуін және тазалық талаптары қатаң сақталуын ескертті.
Мүфтият тарапынан бекітілген сақтық шараларын халыққа кеңінен түсіндіруді, онлайн режимдегі сабақтар мен уағыз-дәрістердің тұрақты өтуін және имамның тұлғалық келбетіне (киім кию үлгісі, сөйлеу әдебі, өзін-өзі ұстауы) сай болуын қадағалауды, теріс пиғылды адамдардың ел арасында дүрбелең туғызбауын бақылауды, онлайн Мәуліт кешін өткізуді, халал өнімдерді сертификаттау, орыс тілінде уағыз-насихат жүргізу бағыттары бойынша жұмыстарды жандандыруды, жат ағымның алдын алу жұмыстарын күшейтуді, мешіт құжаттамаларын реттеуді, «30 игі шара» аясындағы жобалардың жүзеге асуын осы қарқынмен жалғастыруды тапсырды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.11.2020
2936
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру