Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жастар ісі секторына жаңадан жетекші тағайындалды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 31.10.2020 3638 0 пікір
Шымкент: Жастар ісі секторына жаңадан жетекші тағайындалды

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шымкент қалалық Жастар ісі секторына жаңа жетекші тағайындалды.

Дәлірек айтқанда, Бас мүфти бұйырығымен тәжірибелі һәм білікті маман Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы қызметінен босатып, Шымкент қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі әрі қосымша жүктеме ретінде «Масжидур Рохман» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Таныстыру шарасына Шымкент қалалық орталық мешіттің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру