Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Көпбалалы анаға көмек көрсетілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 30.10.2020 2486 0 пікір
Қарағанды: Көпбалалы анаға көмек көрсетілді

ҚМДБ-ның «әр аптаға бір шара» бастамасы аясында Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау ауданында сауапты іс жүзеге асты.

Нақтырақ айтқанда, ауданның «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Рүстем Акошевтің ұйымдастыруымен жалғыз басты Айгүл Жұмажанова есімді көпбалалы әрі көмекке мұқтаж әйелге қайырымдылық көмек көрсетіліп, құбыр тартылып, үйіне су кіргізілді. 

«Қазақ қашан да жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған. «Сәбә» сүресінде Жаратушы иеміз: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» дейді. Алла Тағала баршамызға осындай сауапқа кенелуімізді нәсіп етсін!» дейді мешіттің бас имамы Р.Акошев. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру