Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Ауруханаға құрылғы берілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 27.10.2020 2364 0 пікір
ШҚО: Ауруханаға құрылғы берілді

«Мәуліт – мейірім айы» акциясының аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев аудандық орталық ауруханаға 3 тыныс алу аппаратын табыс етті.

Құрылғыларды тапсыру рәсімінде Мирас Көкебаев: «Әлемді жайлаған індет кезінде халқымыздың денсаулығына жан-жақты үлес қосу барлығымызға парыз.Қазіргі таңда мешіттерімізбен кәсіпкер азаматтарымыз халықтың саулығын ойлап, шама-шарқынша көмек көрсетіп жатыр. Біз осы бағытта түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырудамыз. «Ер Жәнібек» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен осынау тыныс алу аппараттарын ұсынып отырмыз. Ешкім ауырмасын, ауырғандарға Алла шипа берсін» деді.

Аудандық аурухананың бас дәрігері тыныс алу аппаратын қабылдап алып, алғысын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру