Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа маманмен толықты (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 26.10.2020 3475 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа маманмен толықты (ФОТО)

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа қызметкерлер тағайындалды.

Мешіттің бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңа қызметкерлер жайлы апталық жиналыс барысында мәлім етіп, Темірлан Дарханұлы мен Мейрамбек Қабылбекұлын ұжыммен таныстырды.

Айта кетейік, Бас мүфти бұйрығына сәйкес Темірлан Дарханұлы Ибраев бүгіннен бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне кірісті.

2010-2013 жылдары «Астана» медресе-колледжінде діни сауат ашқан Темірлан Дарханұлы 2013-2016 жылдары Стамбул қаласындағы (Түркия) «Хасеки» білім ордасында «Исламтану» мамандығы бойынша білім алды. Оқу бітірісімен елге оралып, бір кездері өзі білім алған «Астана» медресесіне қызметке орналасқан Темірлан Дарханұлы содан бері ұстаздық саласында жемісті жұмыс атқарып келеді. Осы жылдар аралығында ол Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Еуразия Ұлттық Университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасында қосымша білім жетілдірген.

Сондай-ақ, бұған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Шаруашылық меңгерушісі» қызметінде болған Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы «Іс басқарушы» қызметіне тағайындалды. Түркістан облысының Бәйдібек аудандық сотында маман-инспектор, жетекші маман, бас маман сот-мәжілісінің хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотында бас маман сот-мәжілісінің хатшысы, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ОҚО Бәйдібек аудандық филиалында заңгер-консультант, «Атамекен» ҰКП-ның ОҚО Бәйдібек аудандық филиалында заңгер-консультант, ОҚО Адвокаттар алқасында көмекші адвокат, «Фермерлер Одағы» РҚБ-нің ОҚО Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы, Астана қалалық сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінде маман, «Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет» ҚҚ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «BES ASYL» ЖШС құқықтық қызмет көрсету фирмасының директоры, «Imandy Bi» Медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор, «Астана қаласы әкімдігінің «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де заңгер қызметтерін жемісті атқарған Мейрамбек Қабылбекұлы соңғы екі жыл ішінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің шаруашылық меңгерушісі ретінде жемісті жұмыс жасап келген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру