Мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚМДБ-ның Қарағанды облысының наиб имамы Асылхан Нұртайұлы өкілдікке қарасты Теміртау орталық мешітіне ат басын бұрды.
Аталған мешіттің имамы Естай Айтуғанұлы облыс наиб имамына мешіт тынысын, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, таныстырды. Облыс наиб имамы мешітке жасалған құрылыс жұмыстары мен абаттандыру мәселесін және мешіт тазалығын бақылады.
Сонымен қатар, мешіт асханасына жасалған күрделі жөндеу жұмыстарын қарады. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, Теміртау орталық мешітінде ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген облыс наиб имамы Асылхан Нұртайұлы алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік тілеп қайтты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
26.10.2020
3043
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру