Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Пәтуа мамандарына арнайы семинар-тренинг өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 26.10.2020 2377 0 пікір
Алматы: Пәтуа мамандарына арнайы семинар-тренинг өтті

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұловтың қатысуымен, Алматы қаласы «Бәйкен» мешітінде пәтуа беруге жауапты дін қызметкерлері мен әйел ұстаздарға арналған «Шариғи пәтуа берудің заманауи мәселелері» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Басқосуды Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай кіріспе сөз сөйлеп ашып берді. Ол ең алдымен шариғаттағы пәтуа берудің жауапкершілігіне тоқталды. 

Содан ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов семинар-тренингтің бағдарламасына сай дәріс оқыды. Атап айтқанда, «Пәтуа – бұл үлкен жауапкершілік», «Ғибадат және отбасы құқығына қатысты қабылданған пәтуалар», «Әлеуметтік желі арқылы сұрақ-жауап жүргізу тәртібі: ұйымдастыру, талдау және бақылау», «Қазіргі қоғамдағы қаржы және сауда қатынастарына қатысты пәтуалар» сынды тақырыптар бойынша Діни басқарманың әзірлеген пәтуалар легімен таныстырды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы шариғи пәтуа берудің заманауи мәселелеріне тоқталып, оның діндегі жауапкершілігін ерекше атап өтті. 

Келелі басқосудың соңында семинарға қатысушылар ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасарына күніміздегі келелі мәселелер бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.    

Алматы қаласындағы шариғат мәселелері мен пәтуа беруге жауапты дін қызметкерлер мен әйел ұстаздарға арналған семинар-тренинг пайдалы жақтарымен есте қалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру