Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Мұқтаж отбасыларға көмек берілді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 26.10.2020 2611 0 пікір
Өскемен: Мұқтаж отбасыларға көмек берілді (ФОТО)

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Мәуліт – мейірім айы» атты қайырымдылық айлығын жариялады. Бұл айлықтың аясында өңірде мұқтаж отбасыларға, әсіресе, індет кезінде жұмысынан айырылған, кірісі азайған отбасыларға көмек көрсету жоспарланып отыр.

Қайырымдылық айлығының бастамасы ретінде өңірдің «Зекет» қоры және Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті қайырымдылық жасады. Бұл іс-шараға Өскемен қаласында тұратын 20 отбасы қамтылды.

Өскемен қаласындағы тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімі бойынша отбасыларға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар жеткізіліп берілді.

«Өңірде Мәуліт айына орай қайырымдылық акциясы жарияланды. Ең алдымен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктің қайырымдылығы жасалды. Алдағы уақытта өңір мешіттерімен «Зекет» қоры бұл бағытта жүйелі шаралар атқарады деп жоспарланып отыр. Дініміздің ұлағаты қайырымдылық жасау, мұқтаждарға көмектесуде» деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы.

Сондай-ақ ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Сауапты іске асығайық» атты акция жариялады. Шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасау, қолдау көрсету. Осы акция аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қоры өкілдігінің атынан бірнеше отбасыға көмір түсіріліп берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру