Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» аясында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқан бейіт қоршалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен кезекті жобаның жүзеге асырылуына 1972 жылы туған азаматтар демеушілік жасаған. Мазарат қоршауының жалпы ұзындығы шамамен 380 метрді құрайды.
Игі жұмыстар нәтижесімен танысқан бас имам Болатбек Ұласқанұлы алдымен марқұмдарға құран бағыштап, қорымның қоршалуына үлес қосқан жанашыр азаматтарға алғыс білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Арал мен Қазалыдағы ауылдарда құдық қазылып, Шиелі ауданына қарасты ауылда көпір ел игілігіне берілген болатын.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
26.10.2020
3342
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру