Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ғазиз Ахмет – Бөрлі ауданында

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 23.10.2020 2813 0 пікір
БҚО: Ғазиз Ахмет – Бөрлі ауданында

ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Түркиядағы «Сельчук» университетінің түлегі Ғазиз Ахмет БҚО Бөрлі ауданына арнайы сапармен келді.

РАНТ мүшесі алдымен аудан әкімі М.Сатқановтың қабылдауында болды. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуалдың барысы туралы пікірлесіп, сала бойынша қолға алынған жұмыстар мен діни мәселелерді талқылады.

РАНТ мүшесінің өңірге сапары Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінде жалғасын тауып, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен «Көшпелі керуен» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан бітқатар шаралармен танысты.

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Қ.Жакеновтың айтуынша: «аудандық мешіт және «Берекелі жамағат» тобының ұйытқы болуымен қайырымдылық керуенін ұйымдастыруға 150 000 теңге қаражат жұмсалды. Акция аясында ауданда әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Алдағы уақытта қайырымдылық керуені өз жалғасын табады» - дейді.

Сонымен бірге Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің асханасында «Қазіргі уақыттағы мұсылманның бейнесі» тақырыбында санитарлық талаптар сақтала отырып, мәртебелі мейманмен кездесу ұйымдастырылмақшы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру