Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 23.10.2020 3637 0 пікір
ШЫМКЕНТ: ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Шымкент қаласы өкілдігі Имам Матурудидің өмірі мен шығармашылығына арналған «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинары ұйымдастырылды

Аймақтық семинарға арнайы ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигіт Қойшиев, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев пен бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлұлы, сондай-ақ, «Діни мәселелерді зертеу» орталығының дінтанушы-теолог мамандары мен жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері қатысты.

Семинарды ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.

Елордадан арнайы келген ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиев, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Мұқанғалиұлы және бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлұлы дәріс оқыды.

Сондай-ақ, басқосу аясында псевдосалафиттік және псевдоханафитік бағыттағы жат ағымдардың қоғамға қауіпі, деструктивті діни ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесу өткізу, уағыз айту әдістемесі сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

Басқосу аясында дін мамандары мол тәжірибе жинап, өзекті де қажетті сұрақтарына жауап алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертифат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру