Рухани келісім күніне орай Ақтөбедегі діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада Ақтөбе облысы өкілдігі атынан наиб имам Алмат Әли баяндама жасады. Ислам діні татулықты, ауызбіршілікті діттейтінін жеткізіп, өзге де дәстүрлі діндерді, әрі олардың пайғамбарлары мен кітаптарын мойындайтындығын әуел баста-ақ қасиетті Құранның аяттарында келгенін атап өтті. Сондай-ақ, әртүрлі дін өкілдерінің басқосуы, еліміздегі рухани келісімнің, тұрақтылықтың, түсіністіктің, сыйластықтың бар екендігін көрсететінін тілге тиек етті.
Шара барысында облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы пандемия кезінде ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігінің атқарған жұмысы мен қайырымдылық шараларына жоғары баға беріп, ризашылығын білдіре келе, алғыс хат және естелік сыйлықпен марапаттады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
23.10.2020
3096
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру